1 қазан Халықаралық қарттар күні
1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, мектепішілік өзін -өзі басқару ұйымының еріктілер фракция оқушылары ауылымызға еңбегі сіңген, ерен еңбекті қарттарымыздың үйлеріне барып ,жағдайларын сұрап, әңгімелесіп , мерекелерімен құттықтап қайтты. Қарттарымыз балаша қуанып, мәре-сәре болып қалды. Қарттарымыздың еткен еңбегі мен төккен тері бүгінгі буын үшін үлкен үлгі. Болашақ ұрпағымыз өздеріңізден өнеге ала берсін!